2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 1 наурызда Ақмола облысының  1 қалада және  5 ауданында 8 сайлау округі бойынша ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Қосшы қаласы Тайтөбе ауылының әкімін, Егіндікөл ауданы  Алакөл ауылдық округінің әкімін, Жақсы ауданы  Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдерін, Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін, Шортанды ауданы Новоселов ауылдық округінің әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 7 177 азамат енгізілді, оның ішінде 4 850(67,58%)  дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 24 адам.

Барлық  8 елді мекенде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 6, өзін өзі ұсыну -2 адам.

Әкімдер болып сайланды:4 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 2 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 1 – бюджеттік саласының жұмыскері, 1 коммерциялық саласының жұмыскері, 2-уақытша жұмыс істемейді.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 79,66% (Егіндікөл ауданы  Алакөл а\о.),  минималды – 61,48% (Целиноград ауданы  Р.Кошкарбаев а\о).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
04 марта 2026