АӨК негізгі көрсеткіштері
2026 жылғы қаңтар айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 29 123,9 млн. теңгені (НКИ - 108,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 271,8 млн. теңге (НКИ - 100,0%), мал шаруашылығы - 28 848,3 млн. теңге (НКИ - 108,2%).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар айында 1,1 млрд. теңгені құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2026 жылғы қаңтар айында 0,3 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8204 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1894 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 21,4%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,8 мың адам (2025 жылдың 4-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).