Ақмола облысында 1 қала мен 5 ауданында тағайындалған, 2 ауыл және 5 ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өткізіледі.
Бұл ретте 4 әкім өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланады (3 – басқа жерге көшуіне байланысты, 1-үй жағдайына байланысты ).
30 кандидат ұсынылды, оның ішінде «AMANAT» саяси партиясы – 6 (20,0%); өзін-өзі ұсыну арқылы -24 (80,0%).
Барлығы 27 кандидат тіркелді, оның ішінде «AMANAT» саяси партиясынан – 6 (22,2%), өзін-өзі ұсыну арқылы - 21(77,8%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,8 адамды құрайды.
27 үміткердің 16 (59,2%) -әйелдер.
Үміткерлердің 15 – белсенді мемлекеттік қызметші, 3 –коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 5-уақытша жұмыс істемеіді, 2- ауылдық округтердің әкімі, бюджеттік саласының қызметкері-2.
Орташа жас – 45,6 жаста болса, ең кішісі-31 жаста, ең үлкені -61 жаста.
Кандидаттардың 5(18,52%) үміткер облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада турады, 17(62,96%) ауданда, басқа ауыдық округтерінде тұрады, 5 (18,52%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерде тұрады.