2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылдың 8 ақпанда Ақмола облысының 8 ауданында 10 сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімін, Біржан сал ауданы Макинка ауылдық округінің әкімін, Буланды ауданы Макинск қаласының және Капитоновка ауылдық округінің әкімін, Егіндікөл ауданы  Егіндікөл ауылының әкімін, Жақсы ауданы  Подгорное ауылының  әкімін, Сандықтау ауданы Широков және Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдерін, Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін, Шортанды ауданы Жолымбет кентінің әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 22101(40,01%) азамат енгізілді, оның ішінде 8842 дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 29 адам.

Барлық 10 елді мекенде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 7, өзін өзі ұсыну -3 адам.

Әкімдер болып сайланды:4 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 1 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 3 – бюджеттік саласының жұмыскері, 1 коммерциялық саласының жұмыскері, 1-уақытша жұмыс істемейді, 1- өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 8,62% (Жақсы ауданы  Подгорное а.),  минималды – 25,26% (Бұланды ауданы Макинск қаласы).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
09 февраля 2026