Ақмола облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша  2025 жылғы 1 желтоқсанға Ақмола облысы халқының саны 789,0 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқының саны - 456,3 мың адам (57,8%), ауыл халқының саны - 332,7 мың адам (42,2%).

Халықтың табиғи өсімі 2025 жылғы қаңтар-қарашада 1837 адамды құрады.

2025 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 8110 адамды құрады (2024 жылдың қаңтар-қараша аралығымен салыстырғанда 12,6%-ға аз), қайтыс болғандар саны 6273 адамды құрады (2024 жылдың қаңтар-қараша аралығымен салыстырғанда 2,5%-ға аз).

Көші-қонның айырмасы теріс болып қалыптасты және ол 140 адамды құрады, оның ішінде сыртқы көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы 80 адам, ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы 60 адамды құрады.

27.03.2025ж. мәліметке сәйкес 787 263 адам санына байланысты облыс тұрғындарының этникалық құрамы келесідей бөлінеді:    446 901 (56,7%) - қазақтар, 207 130 (26,3%) - орыстар, 38 833 (4,9 %) - украиндар, 29 754 (3,7%) - немістер, 13 533 (1,7 %) - татарлар, 11 587 (1,4%) - белорустар, 8 340 (1,0%) - поляктар, 4 641 (0,5 %) – ингуштар, 3 325 (0,4%) – шешендер, 2327 (0,2%) – әзербайжандар, 2102 (0,2%) – башқұрттар, 18790 (1,8%) - басқа этностар. (Этникалық құрам бойынша мәлімет 27.03.2026 жылы жаңартылады).

Дата публикации
05 февраля 2026