Ақмола облысында аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы

Облыста қолданыстағы заңнама шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау шаралары қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32885 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес, табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі. 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 6624 өтініш (30174 адам) қабылданып, 1529 отбасына (7111 адам) тағайындалды, оның ішінде 4701 бала, сондай-ақ 573 көпбалалы отбасы бар.

2025 жылы 1,4 мың аз қамтылған отбасына (7578 адам) атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 998,5 млн теңге (ОБ – 642,1 млн теңге, ЖБ – 356,4 млн теңге) қаражат бөлінді.

1 қаңтардағы жағдай бойынша 872 млн теңге төленді, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2268 баланы мемлекеттік әлеуметтік көмекпен (МӘК) қамтамасыз етуге 96,2 млн теңге бағытталды.

Отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару және олардың табысын арттыру мақсатында отбасы мүшелерінің еңбекке қабілетті тұлғаларын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша шаралар қабылданды. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, АӘК алатын 1,4 мың еңбекке қабілетті тұлғаның 971-і өтініш берген сәтте жұмыс істеген. 191 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылды.

 

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2026