Атаулы әлеуметтік көмек бойынша ақпарат

2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 6 624 өтініш (30 174 адам) қабылданып, 1 433 отбасына (6 615 адам) тағайындалды. 872 млн теңге төленді (орташа мөлшері – 11 133 теңге).

Жыл басынан бері 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2 268 балаға 96,2 млн теңге сомасында қосымша төлем берілді.

АӘК-нің басты мақсаты — еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту және еңбекке ынталандыру арқылы кедейлік шеңберінен шығару болып табылады.

АӘК (шартты ақшалай көмек) алушы еңбекке қабілетті азаматтардың жалпы санындағы жұмыспен қамтылған және белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылғандардың үлесі келесідей:

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында шартты көмек алушылардың ішінде 1,4 мың еңбекке қабілетті адам бар. Оның ішінде 971 адамның жұмысы бар, 433 адам күтіммен айналысады, 66 адам жұмыссыз. Бұл 2025 жылға арналған 76% жоспардың 79%-ын құрады.

Әлеуметтік келісімшартты енгізудің арқасында 191 еңбекке қабілетті азамат белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Дата публикации
05 февраля 2026