2025 жылдың қорытындысы бойынша туристердің жалпы ағыны 1 623,0 мың адамды құрады (оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілердің жалпы саны – 1 092,6 мың адам (жылдық деректер жұмыс тәртібінде), орналастыру орындары қызметін пайдаланған туристер саны – 530,4 мың адам (2025 жылдың 9 айы)). Олардың ішінде туристердің (орналастыру орындарында бір тәуліктен артық тоқтағандар) саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артып, 530,4 мың адамды құрады (2024 жылғы қаңтар–қыркүйек – 420,2 мың адам).
2025 жылдың қорытындысы бойынша (2025 жылдың 4 тоқсанында қонақ үйлерде қызмет көрсетілген туристер жөніндегі ресми деректерді ескере отырып) туристер саны 1 792,0 мың адамға дейін жетеді деп болжануда.