2026 жылы Ақмола облысы бойынша қала құрылысы жобаларын (бас жоспарлар, даму және құрылыс схемалары, ДДЖ) әзірлеу туралы мәліметтер

Ақмола облысы бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілуі 83,4%-ды құрайды (589 елді мекеннің 491). 198 елді мекен бойынша жаңа бас жоспарлар бар.
2026 жылы облыстық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен 2025 жылы әзірленген келесі қала құрылысы жобаларын келісу және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өту бойынша жұмыс жалғасуда.

Көкшетау қаласының бас жоспарының ІІ кезеңі және 2 ДДЖ;

  • Степногорск қаласының, сондай-ақ оған әкімшілік бағынысты бес елді мекеннің: Шаңтөбе, Қырыққұдық, Байқоныс, Бөгембай және Изобильное елді мекендерінің бас жоспары;
  • Ақкөл орман шаруашылығының даму және құрылыс сызбасын (схемасын) түзету, Ақкөл ауданы;
  • Аршалы ауданы бойынша: Жібек жолы ауылының бас жоспарын, Бабатай ауылының бас жоспары мен ДДЖ-ын, Арнасай ауылының даму және құрылыс схемасын түзету және Елтоқ ауылындағы индустриялық аймақтың ДДЖ-ын әзірлеу;
  • Астрахан ауданы бойынша: Зеленое ауылының даму және құрылыс схемасын және Жалтыр ауылындағы ДДЖ әзірлеу;
  • Атбасар ауданы бойынша: Сепе, А.Құрманов және Борисовка ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Бұланды ауданы бойынша: Капитоновка және Иванковка ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Жақсы ауылы бойынша 34,0 га аумақта ДДЖ әзірлеу;
  • Жарқайың ауданы бойынша: Тасты Талды, Құмсуат және Пригородное ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Шортанды ауданы бойынша: Бозайғыр ауылының даму және құрылыс схемасын түзету;
  • Целиноград ауданы бойынша: Қызылжар, Ыбырай Алтынсарин, Ақмол, Аққайың ауылдарының даму және құрылыс схемаларын түзету, сондай-ақ Нұра және Қосшоқы ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу;
  • Бурабай ауданы бойынша: Атамекен, Веденовка, Вишневое, Қаражар ауылдарының даму және құрылыс схемаларын әзірлеу, Щучинск қаласының бас жоспарын және Бурабай кентінің бас жоспары мен ДДЖ-ын түзету;

Басқарма Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары 2026-2028 жылдарға арналған қала құрылысы жобаларын әзірлеу және түзету жөніндегі Жол картасын әзірледі және бекітті.

2026 жылға арналған Жол картасына сәйкес аудан орталықтары - Ақкөл, Астраханка, Аршалы, Степняк, Егіндікөл, Есіл, Балкашино, сондай – ақ Астана агломерациясының елді мекендері-Елтоқ, Қостомар, Жалтыркөл Аршалы, Тонкерис Шортанды және Қояны, Өтеміс, Қабанбай батыр, Қызылсуаты елді мекендерін дамыту мен салудың бас жоспарлары мен схемаларын түзету көзделген.Целиноград аудандарының.

Дата публикации
03 февраля 2026