Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдері күшін жойды деп танылсын:

2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6255 болып тіркелген;

2022 жылғы 26 қаңтардағы № 7С-14-2 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 „Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы“ Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26736 болып тіркелген.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
27 января 2026