«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары бекітілсін.
- Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.