Облыста барлық меншік нысанындағы 596 мәдениет нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 594 мемлекеттік, оның ішінде:
248 мемлекеттік клубтық кәсіпорын оның ішінде 228 ауылда,
329 мемлекеттік кітапхана, оның ішінде 286 ауылда,
2 мемлекеттік театр;
1 мемлекеттік Үкілі Ыбырай атындағы филармония,
14 музей, оның ішінде 2 ауылда,
1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы,
1 Халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы.
Мәдениет саласын қаржыландыруға 2025 жылы 17,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде облыстық бюджеттен – 6,8 млрд теңге, аудандық бюджеттен – 10,6 млрд теңге.
Соңғы 4 жылда мәдениет нысандарында 32 күрделі және 51 ағымдағы жөндеу жүргізілді, 3 нысан салынды, 3 қайта құру жүргізілді, 11 БМК (блокты-модульді қазандықтар) орнатылды.
2025 жылы мәдениет объектілерінің инфрақұрылымын дамыту және жаңғыртуға 3,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: 11 нысанның құрылысына – 2,2 млрд теңге, 1 нысанды қайта жаңғыртуға – 150 млн теңге, 6 нысанға күрделі жөндеу жүргізуге – 1,1 млрд теңге, 1 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізуге – 13,8 млн теңге.