2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 66,924 мың бірлікті құрады (2024 жылғы желтоқсанға 104,3%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 62,657 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы желтоқсанға 105,8%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 93,6%-ды құрады.
2026 жылғы 1 қаңтардағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 876 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 46 704 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 077 бірлік
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда ШОК субъектілерінен 240,098 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 116,1%, салықтардың жалпы түсімінің 36,7%-ы).
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 147,016 мың адамды құрады (2024 жылғы маусымға 101,2%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 001 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 111,8%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК-тің жалпы қосылған құны 551,265 млрд.теңгені немесе 30,8% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ШОК субъектілерінде
8 565 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-қарашада ЕДБ ШОК субъектілеріне
161,8 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 89,5%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 30,5%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 16,6%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 4,2%-ды құрайды.