Негізгі спорт объектілерінің тізбесі

Областа 1 175 спорт нысаны жұмыс істейді (стадиондар – 17, спорт сарайлары – 2, спорт кешендерінің кешені – 1, ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы – 1, спорт кешендері – 44, спорт манежі – 4, шаңғы базасы – 11, ату тирі – 32, ату алаңы – 3, шаңғы секіру трамплиндері – 2, хоккей корты – 103, алаңдық құрылымдар – 897, теннис корты – 22, ипподром – 1, жүзу бассейні – 35), оның 622-сі ауылдық жерлерде орналасқан (2024 жылмен салыстырғанда спорт нысандарының саны 51 бірлікке немесе 4,5%-ға өскен).

Спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8% құрайды.

2025 жылы бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді: шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен салынған Зеренді ауданының Зеренді ауылындағы спорт мектебі, 2 спорт кешені (Бурабай ауданының Мәдениет ауылы, Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылы), 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Красный Яр ауылы, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы, Қорғалжын ауылы), 2 ангар типті спорт кешені (Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы, Степногорск қаласы), 2 мәдени-спорттық кешен (Қырыққұдық ауылы, Қосшы қаласы).

Көкшетау қаласындағы көпфункционалды спорт кешенінің, Бұланды ауданы Макинск қаласындағы жүзу бассейнінің және Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы Спорт сарайының құрылысы аяқталды.

2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (Бестөбе ауылы, Жақсы ауылы) құрылысы аяқталу сатысында.

Степногорск қаласында инвестор - «АК Алтыналмас» АҚ қаражаты есебінен 12 млрд теңге сомасына Дене шынықтыру және спорт сарайының құрылысы жүргізілуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2025 жылы 37 аулаішілік спорт алаңдары салынды.

Дата публикации
26 января 2026