Облыстық спорт ұйымдарының негізгі бағыттары: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 343 580 адам (соның ішінде ауылда – 153 300 адам) немесе өңір тұрғындарының жалпы санының 43,6%-ы (Жоспар – 42%).
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айналысатындардың саны 13,8 мың адамға немесе 4,2%-ға артты.
Облыста дене шынықтырумен және спортпен айналысуға арналған 1175 спорт нысаны бар (соның ішінде ауылда – 652). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда спорт нысандарының саны 51 бірлікке немесе 4,5%-ға артқан. Спорт нысандарының қамтылу көрсеткіші – 70,8%.