Ақмола облысының ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамыту

АӨК негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1 190 072,3 млн. теңгені (НКИ - 115,9%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 850 151,3 млн. теңге (НКИ - 120,7%), мал шаруашылығы - 339 402,1  млн. теңге (НКИ – 104,8%) құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар- желтоқсан 116,3 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 156,5% құрады.

Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар - желтоқсан 9,4 млрд. теңгені құрады.

Облыста барлығы 8287 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1977 - заңды тұлғалар, 455 - жеке кәсіпкерлер, 5855 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,9%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 402,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 96,1 мың адам (2025 жылдың 3-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

-2025 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).

-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).

Дата публикации
26 января 2026