Қосшы, Ерейментау, Егіндікөл, Жақсы, Целиноград, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2026 жылғы 21 қаңтардағы ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 1 қаңтарға келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Қосшы қаласы – Тайтөбе ауылының әкімін;
Ерейментау ауданы – Қойтас, Өленті ауылдық округтерінің әкімдерін;
Егіндікөл ауданы – Алакөл ауылының әкімін;
Жақсы ауданы – Жақсы, Чапай ауылдарының әкімдерін;
Целиноград ауданы – Р.Қошқарбаев ауылдық округінің әкімін;
Шортанды ауданы – Новоселов ауылдық округінің әкімін.
Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.