Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.С. Тәткеевтің азаматтарды қабылдауы, 25.11.2020

2020 жылғы 25 қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Саттарұлы Тәткеев жеке мәселелері бойынша азаматтардың қабылдауын өткізді.

Азаматтардың қабылдауы «Ақмола – адалдық алаңы» фронт-офисінде мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Азаматтар қабылдау барысында әлеуметтік қызмет көрсету, материалдық көмек, еңбек қатынастары мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, Зеренді ауылынан жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша алған несиесін төлеудің кестесін өзгерту мәселесімен өтініш білдірді.

Дата публикации
27 ноября 2020