2025 жылдың 4 тоқсанына Ақмола облысындағы діни ахуалы туралы ақпарат

2026 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша аймақта 190 діни бірлестік (бұдан әрі ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 87 - ислам, 50 – православ,                                              33 – протестанттық, 11 – католик, 6 – Жаңа апостол; 1 – Ехоба куәгерлері; 1-Бахаи діні және Ақмола облысының Кришна Санасы Қоғамы - 1.

Діни нысандар – 150, оның ішінде: 87 мешіт; 28 православие шіркеулер; 13 католиктік шіркеулер; 22 протестанттық дұға үйлері.

Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 28 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 18 адам Польша, 5 - Филиппин, 1- Швейцария, 3 -  Ресей, 1- Қазақстан азаматтары.

Көкшетау қ. – 3  миссионер, Аршалы ауданында - 1, Астрахан ауданында - 2, Атбасар ауданында - 6, Бұланды ауданында – 4, Бурабай ауданында - 5, Сандықтау ауданында – 1, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.

25 миссионер католицизмді, 1 православиені, 2 протестантизмді (Жаңа апостолдық шіркеу) және 1- вайшнавизмді уағыздайды.

Есепті кезеңде 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді: электрондық форматта миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 7 куәлік берілді.

Білім басқармасының мәліметінше, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 91 фактісі анықталды.

«Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.

2025 жылғы 23 желтоқсанда «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының мүшелерімен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында «Ақмола облысындағы діни ахуал туралы», «Дін саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы», «Әкімшілік практиканы қолдана отырып, ҚР діни қызмет саласындағы заңнамасы туралы ақпарат жеткізілді. Тыйым салынған діни-саяси ұйымдар туралы».

2024 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша облыста 202 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).

Ақпараттық-түсіндіру топтары 2736 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 20432 адам қатысты.

Оның ішінде тікелей облыс жастарымен 9137 адамның қатысуымен 262 іс-шара жүзеге асырылды.

Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 2782 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 65 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 40 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 2677 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).

Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.

Дата публикации
05 января 2026