Аршалы, Біржан сал, Буланды, Егіндікөл, Жақсы, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ауыл, кент, және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2026 жылдың 8 ақпанға келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Аршалы ауданы – Жібек жолы ауылдық округінің әкімін;
Біржан сал ауданы – Макинка ауылдық округінің әкімін;
Буланды ауданы – Макинск қаласының және Капитоновка ауылдық округінің әкімін;
Егіндікөл ауданы – Егіндікөл ауылының әкімін;
Жақсы ауданы – Подгорное ауылының әкімін;
Сандықтау ауданы – Широков және Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдерін;
Целиноград ауданы – Жарлыкөл ауылдық округінің әкімін;
Шортанды ауданы – Жолымбет кентінің әкімін.
Сайлауды тағайындау бойынша, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.