АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар - қараша айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1 136 482,3 млн. теңгені (НКИ - 115,7%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 834 023,1 млн. теңге (НКИ - 120,5%), мал шаруашылығы - 301 948,5 млн. теңге (НКИ – 103,5%) құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-қараша 99,1 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 133,6% құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар - қараша 6,0 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,9%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 402,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 96,1 мың адам (2025 жылдың 3-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).