2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 67,364 мың бірлікті құрады (2024 жылғы қарашаға 104,5%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 63,054 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы қарашаға 106,1%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 93,6%-ды құрады.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 896 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 47 077 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 081 бірлік
2025 жылғы қаңтар-қарашада ШОК субъектілерінен 217,023 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 115,9%, салықтардың жалпы түсімінің 37,5%-ы).
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 147,016 мың адамды құрады (2024 жылғы маусымға 101,2%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 001 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 111,8%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК-тің жалпы қосылған құны 551,265 млрд.теңгені немесе 30,8% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ШОК субъектілерінде 7 636 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-қазан ЕДБ ШОК субъектілеріне 146,7 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің
88,5%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 30,5%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 17,9%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 3,5%-ды құрайды.