Ақмола облысының 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы даму қорытындылары
Облыс аумағының ауданы 146,1 мың ш.км құрайды.01.11.2025ж. халық саны – 788,9 мың адам, оның ішінде қалалық - 456 мың адам (57,8%).Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,8%, орыстар – 26,3%, басқалар – 16,9%
- Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2 188,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылғы деңгейге 96,5% (құлдырау өңдеу өнеркәсібі көлемінің 1 755,8 млрд. теңгеге дейін (НКИ – 97,5%), тау - кен өндіру өнеркәсібі –
248,1 млрд. теңгеге дейін (НКИ-91%) төмендеуіне байланысты өндірілетін кеннің алтын құрамының төмендеуіне және кен орындарының сарқылуына байланысты).
2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 752 жұмыс орнын құра отырып, 13,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 11,2 млрд. теңгеге 3 жоба пайдалануға берілді, 270 жаңа жұмыс орны құрылды.
- Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
1 140,3 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылдың деңгейіне 115,7% (өсім өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 20,5%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді, бұл 16,3 ц/га өнімділігімен 7,6 млн тонна көлемінде астықтың рекордтық өнімін алуға байланысты, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдері – 3,5%-ға өсті).
- Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
63,1 мың бірлікті құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,1%-ға жоғары.
2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 8,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 8 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге –
91,1 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 523,9 млн. теңге.
- Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
52,3%-ға өсіп, 748,9 млрд. теңгені құрады (инвестициялар мен құрылыс жұмыстарының айтарлықтай өсуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында мектептердің құрылысын аяқтауға ірі қаражаттың салынуына; «ҚазАвтоЖол» АҚ тарапынан жолдардың құрылысы мен күрделі жөндеуіне; «Алтынтау Көкшетау» АҚ-ның жабдықтар мен техника сатып алуына; Көкшетау қаласында 630 төсектік көпсалалы аурухана («РэнЭлл Кокшетау» ЖШС) құрылысына; Аршалы ауданында «Ақ Дала Агро» ЖШС құс фабрикасын кеңейтуге (жабдықтар сатып алу) және басқа да жобаларға байланысты болды).
Дата публикации
22 декабря 2025