Ақмола облысының ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамыту

АӨК негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1009,1 млрд. теңгені (НКИ – 113,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 738,2 млн. теңге (НКИ –117,7%), мал шаруашылығы –  270,5  млн. теңге (НКИ – 102,9%) құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-қазан 94,8 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 134,1% құрады.

Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар - қазан 5,3 млрд. теңгені құрады.

Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 23,9%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 402,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 96,1 мың адам (2025 жылдың 3-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша)).

Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы:

-2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында орташа жалақы 344,6 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% өсім (2024 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында - 273,3 мың теңге).

-3-тоқсанда орташа жалақы 407,6 мың теңге болды, өсім 24,4% (2024 жылдың 3-тоқсанында - 327,7 мың теңге).

 

 

 

Дата публикации
27 ноября 2025