Ақмола облыстық сайлау комиссиясында,
ү.ж. 25 қарашасында Ақмола облысы әкімі аппаратының өкілдері мен ҚР Еңбекминінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық келісімге қатысты Жол картасын іске асыру жөнінде жиналыс өтті, жиналыста ҚР ОСК мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстарын іске асыру іс-шаралар жоспары қаралды.
Ұсыныстардың негізінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жоспары жасалды.
Облысымызда, мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдардың inva, gov.kz интернет-сайтында сайлау учаскелері туралы өзекті ақпаратты толтыруын бақылау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруінің жаңа технологиялық, инновациялық тәсілдерін ескере отырып, сайлау учаскелерін құру (пилоттық режимде) жұмыстарына үлкен көңіл бөлінді.
Іс-шаралар жоспарында, мүгедектігі бар сайлаушыларды құқықтық ағарту бойынша тұрақты науқандар өткізу шаралары көзделген.
ҚР ОСК-ның ресми сайтында (www.election.gov.kz) "Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары" бөлімінде орналастырылған, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисімен және "Шырақ "мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" ҚБ-мен бірлесіп сайлау комиссияларының барлық мүшелерін, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарымен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бейнекурста оқыту міндеті қойылды.
Оқыту аяқталғаннан кейін, 56 сұрақтан тұратын тестілеуден өту қажет.
25 қарашадағы жағдай бойынша сайлау комиссияларының 2662 мүшесі (46,3%) тестілеуден өтті, оны 2026 жылдың қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Жиналысқа қатысушылар Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша кеңестерді тұрақты негізде, жарты жылда кемінде бір рет өткізуге келісті.