2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 67,306 мың бірлікті құрады (2024 жылғы қазанға 104,3%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 62,456 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы қазанға 105,3%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,8%-ды құрады.
2025 жылғы 1 қарашадағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 809 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 46 622 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 025 бірлік
2025 жылғы қаңтар-қазанда ШОК субъектілерінен 187,427 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 115,4%, салықтардың жалпы түсімінің 39,3%-ы).
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 147,016 мың адамды құрады (2024 жылғы маусымға 101,2%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 001 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 111,8%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК-тің жалпы қосылған құны 551,265 млрд.теңгені немесе 30,8% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-қазан айларында ШОК субъектілерінде 6 999 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ЕДБ ШОК субъектілеріне 130,1 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің
87,3%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 30,1%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 19,6%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 3,4%-ды құрайды.