Негізгі бағыттар:
Облыстың спорт ұйымдарының жұмысының басты бағыттары: спорттық инфрақұрылымды дамыту, жаппай спорт пен жоғары жетістіктер спорты.
Қатысушылар саны:
2025 жылдың 31 қазанға дейін облыста дене мәдениеті мен спортпен айналысатын халық саны — 329 823 адам (оның ішінде ауылдық жерлерде — 152 928 адам), яғни өңір халқының жалпы санының 41,8 %.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда спортпен айналысатындар саны 11 000 адамға, яғни 3,5 %-ға артқан.