Облыста 2025-2026 оқу жылында 537 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік 518 мектеп, 4 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 6 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев зияткерлік мектебі, 1 Iqanat мектебі бар. Оқушылар контингенті 143 141 оқушыны құрайды, оның ішінде күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде 139239 оқушы білім алады.
2025-2026 оқу жылының 1 тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасы 59,1 % құрады.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша 5973 түлектің ішінде 349 түлек «Алтын белгі» төсбелгісінің және 388 түлек үздік аттестат иегерлері атанды.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан 8348 оқушы және 1-4 сынып 54635 оқушысы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды.