СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2025 жылғы 3 маусымда Ақмола облысы әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, құрылыс саласының проблемалық объектілері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік бойынша социологиялық зерттеу нәтижелері.

Баяндамашы: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Оразхан Асхат Оразханұлы.

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

Баяндамашы: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев.

Баяндамашы: Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақтыбек Бекенұлы Жапаев.

  1. Ақмола облысының құрылыс саласының проблемалық объектілері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

Баяндамашы: Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м.а. Азамат Сабыржанұлы Байқуанышев.

  1. Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.

Баяндамашы: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға орындау мерзімі көрсетілген нақты тапсырмалар берілді.

 

Дата публикации
29 октября 2025