2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 67,013 мың бірлікті құрады (2024 жылғы қыркүйекке 103,9%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 62,178 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы қыркүйекке 105,2%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,8%-ды құрады.
2025 жылғы 1 қазандағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 740 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 46 410 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 028 бірлік
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектілерінен 172,452 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 115,1%, салықтардың жалпы түсімінің 38,9%-ы).
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 147,016 мың адамды құрады (2024 жылғы маусымға 101,2%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 001 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 111,8%).
2025 жылғы қаңтар – маусымда ШОК-тің жалпы қосылған құны 551,265 млрд.теңгені немесе 30,8% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОК субъектілерінде 6 385 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-тамызда ЕДБ ШОК субъектілеріне 113,6 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 86,4%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 29,8%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 20,4%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 3,1%-ды құрайды.