Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауына сәйкес, бес жыл ішінде орман қорында 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу тапсырмасы шеңберінде, Ақмола облысында 2021–2027 жылдарға арналған жоспар әзірленді.
2021–2024 жылдар аралығында орман шаруашылығы мекемелері 8,8 мың га аумаққа 57 млн дана ағаш отырғызды.
2025 жылы бүгінгі күнге дейін 2215,8 га аумаққа 16,3 млн дана көшет отырғызылды.