2025 жылы орман өрттерінің алдын алу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді: ауыл шаруашылығы құрылымдарына 195 нұсқама берілді, өрт қауіпсіздігі тақырыбында 7645 парақша таратылды, 259 дәріс, әңгіме және семинар өткізілді, аудандық газеттерде 103 мақала жарияланды, өртке қарсы тақырыпта 205 аншлаг орнатылды.