Бүгінгі таңда Ақмола облысында жалпы ауданы 12 403 045,5 га болатын 161 аңшылық шаруашылығы бар, олардың 139 аңшылық алқабы жалпы ауданы 10 895 352,5 га болатын жерге бекітілген, ал облыстың резервтік қорында 22 аңшылық алқап бар.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 771 аң аулауға рұқсат берілді, бюджетке 5,9 млн теңге түсті.
Сайғақтардың санын реттеу жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 2367 сайғақ ауланды, оның ішінде 2288 бас аталық, 71 аналық және 8 бұзау. 4138 дана мүйіз өндірілді.
Ет комбинаттарына 2360 бас сайғақ тапсырылды (7 бас санитарлық нормаларға сәйкес келмегендіктен кәдеге жаратылды).
Сайғақтардың санын реттеу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында патрульдеу жұмыстарын Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Охотзоопромның», Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанындағы «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүргізеді.