Балық шаруашылығы

Қазіргі таңда облыс аумағында 633 балық шаруашылығы су айдыны бар, олардың ішінен көлдік-тауарлық балық өсіру шаруашылығын (КТБӨШ) жүргізу мақсатында – 226 су айдыны, кәсіпшілік аулауға – 142 су айдыны және спорттық (әуесқойлық) балық аулауға – 12 су айдыны мен учаскесі бекітілген. 314 су айдыны мен учаскесі резервтік қорға кіреді. Барлығы 287 балық шаруашылығы пайдаланушысы бар.
2020 жылғы желтоқсан айында Ақмола облысының балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарламаға сәйкес 2030 жылға қарай тауарлық балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдің балық өсіру шаруашылықтары 400 тонна тауарлық балық өсірді.
Балық ресурстарын аулауға 100 рұқсат берілді, бюджетке 6,5 млн теңге түсім түсті.
Бюджеттен аквакультура субъектілеріне 1 тоннадан астам балық жемін және 1500 дана балық отырғызу материалын сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидиялар бөлінді. Қазіргі уақытта субсидиялар көлемін бекіту туралы қаулыны қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Балық шаруашылығын жүргізуге жарамды 6 су айдынымен балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі толықтырылды.
Халық үшін рекреациялық балық аулау аймақтары туралы ақпараттың қолжетімділігін және түсініктілігін арттыру мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысы қайта қаралды және оған қоса берілген қосымшаның құрылымы мен мәтіні жеңілдетілді.

Дата публикации
22 октября 2025