АӨК негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ақмола облысы бойынша Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 767 298,3 млн. теңгені (НКИ – 109%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 523 817,7 млн. теңге (НКИ –111,8%), мал шаруашылығы – 243 150,6 млн. теңге (НКИ – 102,9%) құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар- қыркүйек 85,4 млрд. теңгені немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 135,1% құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,7 млрд. теңгені құрады.
Облыста барлығы 8432 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1931 - заңды тұлғалар, 476 - жеке кәсіпкерлер, 6025 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 22,9% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 402,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 92,2 мың адам (2025 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2025 жылдың қаңтар- шілде ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 309,8 мың теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-маусым –245 мың теңге 26,4%- ға өсіммен).