Облыста туроператорлар табысты іске асыратын және туристік маршруттардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген 62 туристік маршрут жұмыс істейді. Оның ішінде туроператорлар Ақмола облысы Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Біржан сал ауданының тарихи және киелі жерлері бойынша туристік маршруттар әзірледі. Сонымен қатар, киелі орындар бойынша бекітілген 5 маршрут бар.