Ақмола облысында туризмді дамыту туралы ақпарат

Аймақ аумағында: Щучье-Бурабай курорттық аймағы («Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), Зеренді курорттық аймағы («Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан.

Облыста туризм саласында 700-ге жуық кәсіпорын (389 орналастыру нысаны, 15 санаторлы-курорттық мекеме, 196 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 80 турфирма (38 туроператорлық бейін, 42 турагенттік бейін) жұмыс істейді. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 21 мың адамға жетеді. 

Дата публикации
16 октября 2025