Ақмола облысының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Ақмола облысының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - Даму болжамы) Премьер-Министр орынбасарының-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы №35 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің қағидаларына, әзірлеу мерзімдері мен құрылымына сәйкес әзірленді.

Даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленді.

Даму болжамы Ақмола облысының үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен болжамды көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын, облыс бюджетінің
2026-2028 жылдарға арналған болжамын қамтиды.

 

 

Дата публикации
14 октября 2025