Ақмола облысының 2025 жылғы қаңтар-тамыздағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.08.2025ж. халық саны – 787,9 мың адам, оның ішінде қалалық - 454,3 мың адам (57,7%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.

Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,8%, орыстар – 26,3%, басқалар – 16,9%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 564,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылғы деңгейге 99,4%.

2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 722 жұмыс орнын құра отырып, 13,7 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    316,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылдың деңгейіне 107%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    62 мың бірлікті құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,3%-ға жоғары.

2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 8,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 7,8 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 276,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 523,9 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    49,3%-ға өсіп, 455,5 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 171,7 млрд. теңгеге дейін  ұлғайды немесе 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 23,3%-ға.
351,2 мың ш.м
тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 13,9%-ға).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2025 жылғы 2 тоқсанға) - 4,5% (18,9 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 2,6% (2025 жылғы 2 тоқсанға). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
    (102,2 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (421,6 мың адам) 24,2%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2025 жылғы қаңтар-маусымда 354,8 мың теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 10,5%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 108,8%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 110%-ды құрады.

  1. 2025 жылға арналған облыс бюджеті - 769,6 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 60,6%).

2025 жылдың 1 қыркүйегіне 463,6 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 95,8% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 439,2 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 109,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 271,6 млрд. теңге (болжамға 110,9%), жергілікті – 167,5 млрд. теңге (болжамға 107,1%) түсті.

  1. 2025 жылы әлеуметтік салаға 358,8 млрд. теңге (облыс бюджетінің 46,6%), оның ішінде білім беруге – 269,1 млрд. теңге (35%), денсаулық сақтауға – 18,9 млрд. теңге (2,5%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 94,7%.

Білім беру саласында Біржан сал ауданының Бұланды ауылында, Сандықтау ауданының Петровка ауылында, Степногорск қаласының Бестөбе кентінде 460 орындық
3 мектептің құрылысы аяқталды.

Целиноград ауданында (Жаңа Жол а.) және Көкшетау қ.
688 орындық мектептің, сондай-ақ Көкшетау қ. балабақшаның құрылысы аяқталу сатысында.

Целиноград ауданында (Қараөткел а.) және Қосшы қ.
2 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласында Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы аяқталуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде Аршалы ауданының Арнасай, Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылдарында 2 дәрігерлік амбулаторияның, Бұланды ауданының Алтынды ауылында
1 ФАП-тың және Целиноград ауданының Шалқар ауылында
1 медициналық пункттің құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, 6 нысанның құрылысы жалғасуда (2 дәрігерлік амбулатория: Астрахан ауданының Старый Колутон, Жарқайың ауданының Пятигорское, 4 ФАП: Буланды ауданының Партизанка, Жақсы ауданының Кировское, Целиноград ауданының Жарлыколь, Шортанды ауданының Пригородное).

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 99%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу - 96,6%.

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 36,1 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 43 объектінің құрылысына (20,7 млрд. теңге) және 45 объектіні қайта жаңартуға
(13,5 млрд. теңге), 6 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (126,1 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (71,7 млн. теңге), 13 объектіні ағымдағы жөндеуге (760,2 млн. теңге,), 41 КБМ (940,4 млн. теңге) орнатуға бағытталды.

  1.  Қоғамдық қауіпсіздік.

2025 жылғы қаңтар-тамызда ауыр қылмыстардың 20,9%-ға (779-дан 616-ға дейін), төмендегені байқалды, олардың ашылуы 66,3%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 3,1 есеге (106-дан
34-ке дейін), төмендеді, олардың ашылуы 97,9%-ды құрады.

 

Дата публикации
13 октября 2025