2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 66,985 мың бірлікті құрады (2024 жылғы тамызға 104,3%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 62,044 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы тамызға 105,3%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,6%-ды құрады.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 679 бірлік
- жеке кәсіпкерлер – 46 322 бірлік
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 043 бірлік
2025 жылғы қаңтар-тамыз ШОК субъектілерінен 158,298 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 116,9%, салықтардың жалпы түсімінің 38,4%-ы).
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 141,630 мың адамды құрады (2024 жылғы наурызға 98,2%).
2025 жылғы қаңтар – наурызда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 456,192 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 106,7%).
2025 жылғы қаңтар – наурызда ШОК-тің жалпы қосылған құны 261,563 млрд.теңгені немесе 30,1% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында ШОК субъектілерінде 5 395 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2025 жылғы қаңтар-шілдеде ЕДБ ШОК субъектілеріне 97,7 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 84,7%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 29,6%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 23%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 1,9%-ды құрайды.