Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысының облысының ауыл шаруашылығы және

жер қатынастары басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2025 - 03.10.2025

Қабылдау 1 этап: 06.10.2025- 08.10.2025

Қабылдау 2 этап: 10.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):

11.10.2025-13.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

16.10.2025- 18.10.2025

Сұхбат: 22.10.2025

Анықтама телефоны: 87162297235

D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі бөлімінің бас маманы (№05-05).

 

Функционалдық міндеттері:

          Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және оны өнеркәсіптік өңдеу (экспорт және импорт) нарықта-рын зерделеу, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Агроөнеркәсіптік ке-шенді дамыту бойынша, оның ішінде Астана қала-сының азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде ин-вестициялық жобалардың мониторингі. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Облыстың
агроөнеркәсіптік кешен саласына инвестициялар тар-ту жөніндегі жұмыс. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету.

 

Білімі бойынша талап:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе аграрлық техника және технология) немесе бизнес, басқару және құқық (маркетинг немесе экономика) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (азық-түліктің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                            Шағым жасау тәртiбi

        Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
26 сентября 2025