Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2025 - 03.10.2025

Қабылдау 1 этап: 06.10.2025- 08.10.2025

Қабылдау 2 этап: 10.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):

11.10.2025-13.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

16.10.2025- 18.10.2025

Сұхбат: 22.10.2025

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы (№ 03-02).

 

Функционалдық міндеттері:

Басқарма басшылығын орман ресурстарын молайту, ормандардың өнімділігі мен сапалық құрамын арттыру, оларға күтім жасау, орман ресурстарының биологиялық әртүрлілігін орнықты сақтау және дамыту жөніндегі жедел және есептік ақпаратпен қамтамасыз ету. Селекциялық негізде орман тұқымы ісін дамытуға, ағаш және бұта тұқымдарының тұқымдарын дайындауды ұйымдастыруға қатысу. Отырғызу материалын өсіруді ұйымдастыру мен бақылауды, питомниктік шаруашылықтарды енгізуді жүзеге асыру. Орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендерлер өткізуге қатысу. Орман шаруашылығы саласындағы табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

          ауыл шаруашылығы және биоресурстар (орман ресурстары және орман шаруашылығы) саласында жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне,
не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
26 сентября 2025