«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2025 - 03.10.2025
Қабылдау 1 этап: 06.10.2025- 08.10.2025
Қабылдау 2 этап: 10.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):
11.10.2025-13.10.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
16.10.2025- 18.10.2025
Сұхбат: 22.10.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (№02-05).
Функционалдық міндеттері:
Ересек тұрғындарды «Емдеуге жатқызу бюросы» АЖ арқылы науқастарды жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. Мамандандырылған стационарлық медициналық, ЖТМУ және хирургиялық бейіндегі мәселелерді көрсету бойынша медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді. Хирургиялық бейіндегі бас штаттан тыс мамандардың жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Ересек халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ қандастарға медициналық көмек көрсетуді үйлестіреді. Ересектерге мейіргерлік медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерін бақылайды. ҚР ДСМ АЖ және өңірлік МИСах-та медициналық деректерді енгізу мәселелерін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асырады. Донорлық және қан дайындау бойынша қан орталығы қызметінің жұмысын үйлестіреді. Облыстың медициналық ұйымдарында пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің жұмысын бақылау және мониторингілеу. Әлеуетті донор мен реципиент арасында генетикалық байланыс орнату жөніндегі этикалық комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Облыста санаторлық-курорттық және оңалту емінің жұмысын үйлестіреді. Жетекшілік ететін бөлім бойынша азаматтардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ҚР ДСМ, облыстық әкімдік және басқа да ұйымдарда есепті деректерді дайындайды.
Білімі бойынша талап:
денсаулық сақтау саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.