Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы әкімшілік-қаржылық бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2025 - 03.10.2025

Қабылдау 1 этап: 06.10.2025- 08.10.2025

Қабылдау 2 этап: 10.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):

11.10.2025-13.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

16.10.2025- 18.10.2025

Сұхбат: 22.10.2025

        Анықтама телефоны: 87162297231

        D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы әкімшілік-қаржылық бөлімінің бас маманы (№02-03).

 

Функционалдық міндеттері:

Басқарманың  құқықтық-нормативтік қызметін қамтамасыз ету; азаматтық-құқықтық қатынасты реттеу жұмысын жүзеге асыру, сот процессіне қатысу; облыс әкімінің қаулысы, үкімі мен бұйрығының жобасын дайындау және келісу   рәсімдерін ұйымдастыру; басқарманың хаттары мен келісім-шарттарының құқықтық сараптама жобасын ұйымдастыру; басқарманың жемқорлықпен күресу және құқықтық түсініктеме жұмысының бағдарламасын әзірлеу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері жөнінде есеп беруді әзірлеу және тапсыру; құқықтық білім мектебін ұйымдастыру және іске асыру; мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асыру; бекітілген график бойынша тиісті инстанцияларға ағымдағы есепті уақытында жинап, талдап ұсыну; мемлекеттік сатып алу процесін, жұмыстарды және қызметтерді үйлестіру және бақылау; қоғамдық жұмыстар мен сатып алу процестерін жүзеге асыру, конкурстық құжаттаманы дайындау; азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау және жасау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау.

 

Білімі бойынша талап:

        бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (құқық қорғау қызметі) саласында жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
26 сентября 2025