Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімі

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2025 - 03.10.2025

Қабылдау 1 этап: 06.10.2025- 08.10.2025

Қабылдау 2 этап: 10.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):

11.10.2025-13.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

16.10.2025- 18.10.2025

Сұхбат: 22.10.2025

        Анықтама телефоны: 87162297231

        D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

         Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы саяси  жұмыс және  қоғамдық даму бөлімі (№04-03).

 

Функционалдық міндеттері:

         Өз құзыреті шегінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, 2025 Стратегиялық жоспарын іске асыруға және насихаттауға қатысу; Ақмола облысында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған
іс-шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылды жаңа нысандарын және кері байланыс тетіктерін қалыптастыру; ҮЕҰ деректер базасын өзектендіру;
ҮЕҰ-ға ұйымдастырушылық, практикалық, әдістемелік, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсету; ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру, жинақтау, жалпылау бойынша жұмыстарды орындау;
Ақмола облысында азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
Ақмола облысы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік кеңестің жұмысын ұйымдастыру; материалдарды дайындау, Кеңес отырыстарын ұйымдастыру және өткізу, Кеңес отырыстарының хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету; Ақмола облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау;  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіру; мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы анықтамалық-аналитикалық ақпаратты дайындау; Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының орындалуын үйлестіру; ҮЕҰ Сараптамалық кеңестерінің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік, ұлттық және басқа мерекелерге, мерейтойларға және айтулы күндерге арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдарға ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді ұсыну; бөлім қызметінің қорытындысы бойынша материалдарды облыстық мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;  бөлім құзіреттілігіне қатысты мекемелердің және азаматтардың өтініш, арыз және ұсыныстарын қарастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.

 

Білімі бойынша талап:

         Педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті немесе  орыс тілінде  оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) немесе  өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе филология) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит  немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)  немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика  және ақпарат  (әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
26 сентября 2025