2025 жылғы 21 қыркүйекке тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2025 жылдың 21 қыркүйекте  Ақмола облысының 4 ауданында 4 сайлау округі бойынша ауылдар,кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Бурабай ауданы Бурабай кентінің әкімін; Біржан сал ауданы Уәлихан ауылдық округінің әкімін; Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округінің әкімін, Шортанды ауданы Петровский ауылдық округінің әкімін.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 5216 (62,0%)азамат енгізілді, оның ішінде 3234  дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 12 адам.

Барлық 3 ауылдық округтерінде және 1 кентте  әкімдер сайланды.

Әкімдер болып сайланды: 2(50%) коммерциялық саласының жұмыскері, 1(25%) –уақытша жымыссыз,1(25%)- басқа саладан.

Оның ішінде: «Respublika» партиясы ұсынған - 1, өзін өзі ұсыну -3 адам.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 72,34% (Шортанды ауданы Петровский ауылдық округі.),  минималды – 56,91 % (Бурабай ауданы Бурабай кенті).

Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
22 сентября 2025