«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысының білім басқармасы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.09.2025 – 26.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.10.2025 – 06.10.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.10.2025 – 11.10.2025
Сұхбат: 15.10.2025
Анықтама телефоны: 87162297246
D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының білім басқармасы
жоспарлау және болжам жасау бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік мекемелер бойынша жеке жоспарларға қол қою және бекіту бойынша жұмыстарды іске асыру, алдағы қаржы жылына және үш жылдық мерзімге өз қарауында қалған мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жүзеге асырудан түскен ақша кірістері мен шығындарды, бюджеттік өтінімдерді құрастыру және бекіту.Алдағы қаржы жылына облыстық білім ұйымдарының қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарын қалыптастыру, бекіту және нақтылау, облыстық білім ұйымдарымен тауарларды (жұмыс және көрсетілетін қызметтерді) жүзеге асырудан түскен шығыстар мен кірістер бойынша жоспар қалыптастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау.
Білімі бойынша талап:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.