Ақмола облысының білім басқармасы Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы

Ақмола облысының білім басқармасы

Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі

 

Конкурс туралы ақпарат

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.09.2025 – 26.09.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.10.2025 – 06.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.10.25 – 11.10.2025

Сұхбат: 15.10.2025

Анықтама телефоны: 87162297246

D-R-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 086 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының білім басқармасы

Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

        Ата-ана құқықтарынан айыруға немесе шектеуге, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге, бала асырап алудың күшін жоюға немесе жарамсыз деп тануға, қамаудағының кәмелетке толмаған адаммен некесін жарамсыз деп тануға байланысты істерді, кәмелетке толмағанның ақша қаражатын өз бетінше пайдалану құқығын шектеуге немесе одан айыруға байланысты істерді, сондай-ақ «неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне сәйкес басқа да істерді қарау кезінде сотқа қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың тегін, атын беру немесе өзгерту мәселелерін шешу; ата-аналарды немесе олардың біреуін ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, Бала асырап алудың күшін жою туралы не бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарға бастамашылық жасау; Ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру; баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде баланы ата-анасынан немесе қамқорлығындағы басқа адамдардан дереу айырып алуды жүзеге асыру; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; РБД қалыптастыру; балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасындағы келіспеушіліктерді шешу;кәмелетке толмағандардың және кәмелетке толған тұлғалардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау.

 

Білімі бойынша талап:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық (заңтану) саласында, жұмыс өтілі бір жылдан кем емес бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
22 сентября 2025