Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.09.2025 - 26.09.2025

Қабылдау 1 этап: 29.09.2025- 01.10.2025

Қабылдау 2 этап: 03.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 04.10.2025- 06.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.10.2025- 11.10.2025

Сұхбат: 15.10.2025

Анықтама телефоны: 87162297246

D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің бас маманы.

 

 

Функционалдық міндеттері:

        Облыстың стратегиялық даму құжаттарын әзірлеу шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды дамыту саласында жетекшілік ететін салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы және сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар объектілерін жөндеу, саласындағы бюджеттік инвестицияларды талдау, осы бағыттар бойынша болжамды көрсеткіштер мен индикаторларды қалыптастыру. Облыстың стратегиялық даму құжаттарының шеңберінде жетекшілік ететін бағыттары бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша талдау жүргізу және ақпарат қалыптастыру. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және облыс аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде қалыптастыру бойынша жұмысты қалыптастыру. Жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлеу кезінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар шығындарының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша лимитін анықтау бойынша жұмысты қалыптастыру. Жетекшілік ететін салаларды ұстауға арналған шығыстар бойынша облыстық бюджеттің жобасына ұсыныстар әзірлеу. Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есептеулеріне қатысу. Жобаны қалыптастыру және облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылау, түзету кезінде басым бюджеттік инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бойынша шығыстарды қалыптастыруға ұсыныстар әзірлеу және қатысу, жинақтау және мониторинг. Бюджеттік өтінімдер жобаларын және бюджеттік инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бюджеттік бағдарламаларының стратегиялық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігін қарау және оларға қорытындылар дайындау. Бюджеттік инвестицияларды салу бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу. Бюджетті әзірлеу, бекіту, нақтылау және түзету кезінде бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау анықтамаларын, материалдарды, ақпараттарды дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының тармақтарын орындау туралы есептік ақпарат және «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша республикалық және облыстық Жол карталарының іске асырылу бойынша ақпарат дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау. Ақпараттық қамтамасыз ету үшін жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы тізбені қалыптастыру. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету (МЖӘ жобаларын сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаларды тартқан жағдайда) жөніндегі қаулы жобасын әзірлеу.

 

Білімі бойынша талап:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                            Шағым жасау тәртiбi

        Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
19 сентября 2025