Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыс және шетелдік жұмыс күші бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.09.2025 - 26.09.2025

Қабылдау 1 этап: 29.09.2025- 01.10.2025

Қабылдау 2 этап: 03.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу):

04.10.2025-06.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

09.10.2025- 11.10.2025

Сұхбат: 15.10.2025

Анықтама телефоны: 87162297246

D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыс және шетелдік жұмыс күші бөлімінің бас маманы

 

 

Функционалдық міндеттері:

        Басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру. Басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің ережелерін (жарғыларын) дайындау. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру, оларға практикалық көмек көрсету. Басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсетуін ішкі бақылау. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу. Бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және құқықтық сипаттағы басқа да актілердің жобаларына заң сараптамасын жүзеге асыру. Ведомствоға бағынысты ұйымдарының директорлары, басқарманың штаттан тыс жұмыскерлері және қызметтік іссапарлары бойынша басқарма басшысының бұйрықтарын дайындау және рәсімдеу. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу және ресімдеу. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша статистикалық деректерді жинақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасы нормаларының іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз ету.

 

Білімі бойынша талап:

        педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                            Шағым жасау тәртiбi

        Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
19 сентября 2025